НАРЫҒЫ
ҚОР
Қазақстандық қор нарығы қалай жұмыс істейді?
Не білу керек


Ол әлемде, қоғамда, кей кездері жеке адам басында болып жатқан жаңалықтарға тез назар аударып, соған сай өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кездегі ең белгілі мысал, 2022 жылы Илон Маск Twitter-дің ең ірі акционері болған кезде компания акцияларының құны күрт өсті. Қор нарығындағы операциялардың көп бөлігі қор биржасында жүреді. Дәл осы жерде сауда-саттыққа қажетті инфрақұрылымды ұйымдастырушының функциялары жатыр: биржа ережелерді әзірлейді және мәмілелердің қауіпсіздігін қадағалайды.

Қор нарығы - сезімтал жүйе.
Қор нарығы
бағалы қағаздарды яғни акциялар, облигациялар және биржалық сауда-саттық қорларының пайларын сатып алатын және сататын орын. Сондықтан оны «Бағалы қағаздар нарығы» деп те атайды. Бұл - кез келген дүкендегідей сатушымен сатып алушы кездесетін орын іспеттес. Олар өзара нарықтағы бағаға байланысты мәмлеге келеді. Егер қағаз қымбаттаса, онда сатушыға сатып алушының саны көп болады. Ал егер қағаз арзандаса, сатып алушының саны аз болады.

Инвесторлар (жеке тұлғалар, компаниялар және т.б.)
Эмитенттер (Коммерциялық, мемлекеттік компаниялар немесе мемлекеттің өзі)
Сауда-саттық қатысушылары
Мақсаты мен қызметі
1
2
3
4
Брокерлер (Брокерлік қызметке мүмкіндік алған компаниялар)
Банктер, регистраторлар мен крининг орталықтар
Құнды қағаздар алып, біраз уақыттан кейін қайта сатқанда немесе дивиденттер мен купондардан пайда түсіреді.
Өз дамуына қаражат жинастыру үшін бағалы қағаздарды шығарып, оларды сатуға қояды.
Биржа мен инвесторды байланыстырушы және инвестордың салық агенті. Брокерлік шоттарға қызмет көрсетуден ақша табады.
Нарықтың бекітілген ережелері бойынша жұмыс істеуін қадағалап, жұмыстың көрсетілгеніне көз жеткізу. Келісімшарттар жүйесінен пайыздар алып отырады.
4
3
2
1
Қазіргі таңда Қазақстанда екі бірдей қор биржасы бар. Оның біріншісі, тарихы сонау 1993 жылдан басталатын KAzakhstan Stock Exchange яғни KASE қор биржасы. 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Екі күн өткеннен кейін яғни 1993 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Ұлттық Банкі мен отандық 23 жетекші банк валюталық биржа ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Оның мақсаты – ұлттық валютаға ыңғайлы нарықты ұйымдастыру мен дамыту болды. Ресми түрде 1993 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы" атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді.

1995 жылдың 12 шілдесінде акционерлер бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы шешім қабылдап, тек валюта емес, қор биржасына яғни «Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасына» айналды. Сол жылы 2 қазанда бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар сауда-саттығын ұйымдастыруға № 1 лицензиясын алды. Ал 1996 жылы түбегейлі түрде Қазақстан қор биржасына яғни KASE-ге айналып, Ұлттық комиссия бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыруға шектеусіз лицензия берді.

1997 жылы шетел валюталары мен келісім-шарттарын сауда-саттық жасауға мүмкіндік алу үшін қор биржасының құрамынан бір компания яғни «Алматы қаржы құралдарының биржасы» (AFINEX) бөлініп шықты. Алайда 1998 жылы шетел валюталарының сауда-саттығын ұйымдастыруға қойылған шектеу күшін жойып, 1999 жылы AFINEX KASE-нің құрамына қайтып оралды.

Қазақстандағы қазіргі таңдағы екінші қор биржасы Астана қаласында сауда саттық алаңын құрған. «Astana International Exchange» (AIX) биржасы 2018 жылы 5 шілдеде "Astana Finance Days» форумы кезінде ресми түрде іске қосылды. Ол қазір Экспо Халықаралық көрмесінің қалашығы аясындағы экономикалық аймақта орналасқан. Қаржылық тұрғыда ағылшын құқық қағидаттар бойынша жұмыс істейді. Оның аясында ағылшын тәуелсіз соты қызметін бастаған.

AIX Астана халықаралық қаржы орталығы AIFC аумағында құрылған еді. Өз кезегінде AIFC 2017 жылы IT-инфрақұрылымды бағдарламалармен қамтамасыз ету үшін «Nasdaq» компаниясымен келісімге қол қойған болатын. «Nasdaq» «Астана» халықаралық қаржы орталығы акционерлерінің бірі болып табылады және ол жалғыз емес. Себебі, AIFC биржаның инфрақұрылымын жалғыз жасақтап, жалғыз және өз алдына дамыта алмайды. Бұл үшін стратегиялық серіктестер, жоғарыдағы «Nasdaq» және Шанхай қор биржасы (SSE) қосымша тартылды.


1993
Шетел валюталарының алғашқы сауда-саттықтары
1995
Мемлекеттік бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттықтары
1998
Биржада тікелей мәмілелер жасау жүйесін іске қосу
Қазақстанның еурооблигацияларының алғашқы сауда-саттықтары
2001
Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының алғашқы сауда-аттықтары.
Автоматты репо нарығын іске қосу
2002
Вексельдердің алғашқы сауда-саттығы
2003
Шет мемлекеттердің бағалы қағаздарының алғашқы сауда-саттығы
2007
KASE негізінде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда-саттық алаңын құру
2011
DowJones FEAS Индекстері қатысушылары тізіміне KASE енгізілуі Еуроазиялық қор биржаларының федерациясы (FEAS) 17-ші Бас ассамблеясын өткізу
Оңтүстік Корея, Стамбұл және Тегеран қор биржаларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою "STrade" –интернет-трейдингтің көпфункциясы жаңа жүйесінің құру
2013
Вена қор биржасы мен (WBAG) есептелетін, акциялардың жаңа индексін – Kazakhstan Traded Index Local (KTX Local) іске қосу Әлемдік биржалар федерациясының (WFE) толық мүшесі мәртебесін алу

2014
Қытай юанымен алғашқы сауда-саттық
2015
БҰҰ «Тұрақты қор биржасы» бастамасына қосылды
2018
Астана қор биржасының іске қосылуы
2018
Еурооблигацияларды АҚШ долларымен сауда-саттық жасауды іске қосу
2012
Халықтың IPO-ның жүзеге асуы
Ал енді AIX пен KASE-нің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар. KASE-нің 51%ы Ұлттық банкке, 49%ы жеке инвесторларға тиесілі. Ал AIX толығымен 100% үкіметтің жобасы. AIX ашылмай тұрып, KASE толығымен нарықты бақылауда ұстаған. Алайда ол валюта биржасына көп көңіл бөлгендіктен халықаралық биржалармен бірге жұмыс істейтін алаң керек деген шешім қабылданған. AIX ашылып, ол халықаралық алаңда ірі бизнеспен, KASE ішкі нарықта шағын және орта бизнеспен жұмыс жасауы керек еді. Алайда дәл қазір мұндай бөлініс аз. Мәселен, бастапқыда AIX-ке берілген халықтық IPO жобасын қазір екі биржа қатар атқарып келеді. Екі биржаның тағы бір айырмашылығы AIX ағылшын құқық қағидаттарына сай жұмыс істесе, KASE Қазақстан заңдары аясында қызмет етеді. Айта кетейік, болашақта ITS атты тағы бір қор нарығы іске қосылуы мүмкін.

Қор биржасы
Брокерлер
Қаржы құралдары
KASE
16
1620
AIX
20
40
Тартылған ақша көлемі
3,6 триллион
20,7 триллион
Астана қор биржасы жеке инвесторларға ETN (Exchange Traded Notes, биржалық ноталар) – банктер немесе басқа қаржы ұйымдары шығаратын борыштық міндеттемелерді алуды ұсынады. ETN құны қандай да бір активтің, әдетте акциялардың, облигациялардың немесе тауар фьючерстерінің бағасына байланысты. ETN-ді облигация деп айтуға да болады. Нота қолдану мерзімі аяқталғанда инвесторларға комиссияны шегеріп тиісті кірісті төлеп отыру керек.



2018
2019
2020
2021
2022
+50%
+20%
IIIQ 2022
IVQ 2022
Секторлар бойынша
сауда динамикасы
көлемі, трлн теңге
2022 жылдан 2021 жылға
трлн KZT

Бағалы қағаздар нарығы
2022
2021
Сауда-саттық көлемі
2022
2021
2021
2022
Шетел валютасы нарығы
2021
2022
Қаржы нарығы
Шетел валютасы нарығы
Қаржы нарығы
Бағалы қағаздар нарығы
Деривативтер
Ал KASE жеке инвесторларға нарықтың үш түрі бойынша қызмет ұсынады: валюта нарығы - шетел валюталарымен сауда жасау (доллар, еуро, рубль, юань), қор нарығы - бағалы қағаздармен сауда-саттық (мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар), мерзімді нарық – күтпеген жерден туындаған құралдармен сауда-саттық.

Жеке инвесторлар санының артуы
547 мың шот - 513 мың жеке тұлға
ОД-дағы жеке тұлғалар
шоттарының саны
Сауда-саттық шоттары
Жұмыспен қамтылған халық арасында жеке инвесторлар саны
2022 жылғы жаңа шот
2022 жылғы шоттың өсуі
Жеке тұлғалардың қор нарығындағы
белсенді шоттары
2022 жылдың қорытындысы бойынша жеке
тұлғалар арасында қайталама нарықтағы ең
танымал активтердің Топ-10-дығы
Мәмілелер саны, млн теңге
Келісімдер саны
Freedom Broker компаниясы мамандарының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан қор нарығы динамика тұрғысынан жақсы нәтиже көрсетуде және 2016 жылы мұнай нарығын қалпына келтіруден басталған ұзақ мерзімді даму толқыны әлі басылған жоқ. Сонымен қатар, нарық пандемия кезіндегі ауытқулардан сәтті өтті. Ресей мен Украина арасында басталған соғыс қысымына ұшыраған акциялар былтырғы құлдыраудан өтіп, инфляцияның өсуі қалпына келеді. Даму тұрғысынан соңғы үш жылда жеке тұлғалардың шоттарының саны айтарлықтай өсіп, бөлшек сауда нарықтағы сауда-саттыққа белсенді түрде қосыла бастады. Егер 2014 және 2020 жылдар аралығында шоттардың өсімі небәрі 33 мыңды құраса, 2020 және 2022 жылдар аралығында көрсеткіш 380 мыңға өсіп, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 513 шотты құрады. Нарықта жаңа бастапқы орналастыру, яғни Қазатомөнеркәсіп, Kaspi және ҚазМұнайГаз саудасы үлкен серпін берді. Сондай – ақ, нарықтағы инвестициялаудың жаңа құралдарының көбеюін атап өту керек. KASE және AIX сауда тізімдеріне Apple, Microsoft, Exxon Mobil, Tesla және т.б. сияқты ірі шетелдік компаниялардың көбірек акцияларын қосты.

«Біз жаздың басында базалық мөлшерлеменің төмендеуін күтеміз. Осы кезде нарық дивидендтік маусымды бастан кешіреді, одан кейін көбінесе KASE индексінің төмендеуіне әкеледі. Алайда біз бірнеше жыл ішінде маусым-шілде айларында инвестициялауды бастау үшін өте жақсы кезең екенін байқадық. Себебі осы кезде нарық жандана бастайды және акциялар өседе. Екінші жартыжылдықтың қалған бөлігінде өсудің жақсы себебі мұнай болуы мүмкін(барреліне 100 долларға дейін)», - дейді мамандар.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, 2022 жылы нарық үшін инфляция бас ауруына айналды. Оның артынан ақшалай несие саясатын қатаңдату, несие бойынша ставка өсіп, экономика баяулады. Мұның барлығы акциялар мен облигацияларға теріс әсер етеді. Қазіргі уақытта геосаясат біршама артта қалып қойған.

Алайда мамандар нарықта тұрақсыздық болған кезде инфляция көтеріле бастағанын айтады. Себебі нарық тұрақсыз болған кезде инвесторлар белсенді түрде қолма-қол ақшаға ие болды немесе қарапайым тілмен айтқанда, акцияларға қарағанда ақшаны артық көрді, бұл ақша қорларының көп мөлшерге ұлғаюына әкелді. Инфляцияның төмендеуі мен Сатып алу-сату саясатының әлсіреуі қолма-қол ақшаны акциялар мен облигациялар нарығына кері қайтарады деп күтілуде. Инфляцияның шыңы ақпан айында өтті және қазір нарық базалық мөлшерлемені төмендетуге дайындалып жатыр. Бұл жергілікті эмитенттерге көбірек мүмкіндік береді. Олардың бизнес профилі мен бағасы жақсарады, ал ставка төмендеген жағдайда инвесторлардың назары акцияларға ауады.

Былтыр жыл соңында ҚазМұнайГаз IPO-сы өтіп, оның басты ережесі бойынша қазақстандық инвесторларға көбірек мүмкіндік берілген. Мамандар биыл дәл осы тәсілмен Air Astana IPO-сы жүзеге асып жатқанын айтып отыр.





Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған