Брокерлер қалай жұмыс істейді және оның қандай пайдасы бар?
Инвестор болуды қалайтындарға кеңес
Әйгілі голливудтық фильмдерде кейіпкерлер өз ақшасын белгілі бір компанияға құйып, үйде жатып табыс тауып, бай адамдар тізіміне еніп жатады. Бұл америкалық арманды Қазақстанда жүріп іске асыруға бола ма? Ол үшін кімнен көмек сұрап, қай жерге тіркелу керек? Stan.kz тілшісі брокерлер қалай жұмыс істейтінін біліп, саланың қыр-сырымен танысты. Осы мақсатта Freedom Broker маманымен сұхбаттасып қайтқан еді.

Соңғы жылдары инвестициялар мен құнды қағаздар туралы ақпарат көбейіп, қазақстандықтарды қаржы нарығының мүмкіндіктері қызықтыра бастады.
Қарқыны дамып келе жатқан саладан өз орныңызды тауып, қаржылық кеңесші немесе инвестор ретінде тәжірибе жинауды қаласаңыз, ең алдымен брокерлік туралы білген жөн.

Брокер деген кім?

Брокер – инвестор мен биржаны өзара байланыстыратын құнды қағаздар нарығына жұмыс істеу мүмкіндігі бар компания немесе сол компанияда жұмыс істейтін тұлға. Freedom Broker компаниясының бөлім басшысы Ермек Тулендиновтің сөзіне сүйенсек, брокер клиентке инвест идеялар беретін кеңесші. Ал қаражатты немесе акцияларды жұмсау, сатып алу мен сату клиенттің жеке еркі мен жауапкершілігі.

Маманның айтуынша, қазіргі Қазақстандағы брокерлердің көп бөлігі сауда-саттық немесе банк саласында жұмыс істеп тәжірибе жинаған адамдар.

«Мен көп жылдар Қазақстанда тіркелген шетелдік ірі банктерде жұмыс істедім. Сол жұмысымда жүргенде қаржы нарығы, құнды қағаздар мен сауда-саттық саласына қызығушылығым оянды. Өзім сол туралы көп оқып, инвесторлармен кездесулерге барып, шот ашып, акциялар сатып алып, содан кейін 2018 жылы осы компанияға кеңесші болып жұмысқа тұрдым. Менімен бірге жұмыс істейтін әріптестерімнің көп бөлігі де брокерлікке сауда-саттық немесе банк саласынан келген», - дейді Ермек Тулендинов.

Брокерге қандай дағды керек?


«Брокер болу үшін көптеген мәліметтерге мән беріп отыру керек. Біріншіден, құнды қағаздың бағасына көптеген факторлар әсер етеді. Бүкіл әлемдегі геосаяси жағдайдан бастап, жеке тұлғалардың өміріндегі оқиғалар да инвестиция нарығындағы өзгерістерге алып келеді. Яғни бұл күнделікті зерттеу жүргізуді, ізденісте болуды талап етеді. 2021 жылдан кейін әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты нарық тағы құлдырады, алайда 2023 жылы Nasdaq пен S&Р 500 өздерінің тарихи бағаларын жаңартып жатыр. Мысалы, белгілі Tesla компаниясы кезінде 5 доллар тұрған максимал бағасы 2000 долларға өскен», - дейді Ермек Тулендинов.

Брокер болу үшін банкте немесе басқа да қаржы саласында жұмыс істеп қана қоймай, құнды қағаздар нарығына ғана емес әлемдегі барлық өзгерістерге қызығушылығыңыз болу керек. Құнды қағаздар нарығы кез келген жағдайға байланысты құбылып, өзгеріске ұшырауы мүмкін.


Мысалы, АҚШ-тың ірі қаржылық орталықтары көптеп ипотекалық несиелер бергені салдарынан 2008 жылы бүкіл әлемде дағдарыс басталып кетті. Тіпті Исландия үкіметі дефолтқа ұшырап, Халықаралық банктен несие алуына тура келді. Өзге елдердің ірі банктері де бұдан зиян шегіп, мемлекет қолдауымен ғана дағдарыстан аман шықты.



Брокер қалай жұмыс істейді?

[04]
«Бастапқыда инвесторларды телефонмен хабарласып, сөйлесіп, кездесіп, тауып жатамыз. Ал кейіннен бір клиент өзі табыс тапқаннан кейін өзінің достарына, жақындарына айтып, олар да бізге келіп шот ашып жатады. Біздің бастапқы клиенттеріміздің табысын дәлелдеп көрсете аламыз. Мысалы, біздің Freedom Finance акциясы 2010 жылы нарыққа шығып, сол жылы біздің акциямыз 12 доллар тұрған. Қазіргі таңда 83 доллар тұрады», - дейді маман.

04
[03]
Интернеттен кез келген тауарды іздегенде, сіз оған басқа адамдардың қандай баға бергеніне мән бересіз. Егер адамдар мейрамхананы ұнатпағанын жазса, сіз олардың пікіріне құлақ асасыз. Брокерлік те қызметтің бір түрі. Сондықтан таңдау жасамас бұрын олардың клиенттік базасында қарауға болады.

03
[02]
«Компания 10 жылдан артық осы бағытта қарқынды жұмыс істеп келе жатыр. Осы уақыт ішінде бізге сенуге болатынын дәлелдеп шықтық деп ойлаймын. Global Freedom Finance компаниясында 200 мыңнан астам шот аштық. Біз Қазақстан, Ресей, Еуропа және Америка нарығына жол ашамыз», - дейді маман.

02
[01]
Брокердің жұмысы бақылап отыру ғана емес, өз дәлелдерімен ұсыныстарының дұрыс екендігін клиентке түсіндіре білу. Оның сеніміне ие болып, тиімді шарттарды ұсыну. Ал сенімге ие болу үшін бірінші кезекте тәжірибе қажет. Брокерлік компанияны іздегенде оның нарықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктеріне, қандай биржаларға жол ашатынына назар аударған жөн.

01
Ақпаратты қайдан алады?

Геосаяси жағдай немесе экономикалық өсімдерді болжау мүмкін емес. Мысалы, 2022 жылы Батыс Еуропада саяси жағдай өзгеріп, ол қаржы нарығына әсер ететінін ешкім алдын ала ашық айтқан емес. Ендеше брокерлер қай акцияның өсіп, қай компанияның құлдырауға кететінін қайдан біледі?

«Біздің аналитикалық департаментіміз бар. Ол жерде тәжірибелі мамандар қаржы нарығындағы жағдайды күнделікті бақылап, болжам жасап отырады. Департамент директоры Ерлан Әбдікәрімовты көбі біледі. Себебі оның болжамдары туралы америкалық Bloombеrg басылымы жазып келеді. Ол бірнеше компанияны, мысалы, Facebook-ті IPO-ға шығарған кезде бағалау жүйесін жасап, жүйе нарықтағы жағдаймен дәл келіп, танымал болған», - дейді маман.

Freedom Broker компаниясы сайтында болжамдармен танысып, күн сайын жаңарып отыратын статистиканы көру мүмкіндігі бар. Әлем бойынша да, Қазақстан бойынша да күнделікті, ай сайынғы немесе 1 жылдағы Топ-10 компаниялар тізімін көруге болады.

«Қазақстан нарығын алатын болсақ, 2018 жылы ҚазАтомПром IPO-ға қараша айында шығып, бір жыл ішінде 400%-ға дейін кіріс көрсетті. Бастапқы бағасы 4320 теңгеден шыққан, 20 000 теңгеге дейін өсті. Соңғы болып IPO-ға шыққан ҚазМұнайГаз компаниясы 20%-ға өсім көрсетті. Бұл компаниялардың барлығы 10% жылдық дивидент төлейді. Инвестор баға өскеннен де, дивиденттен де пайда тауып отырады», - дейді кеңесші.

Инвестор болу үшін не істеу керек?

01
Егер сіз брокерлік кеңсе кеңесші немесе өзіңіз жеке инвестор болғыңыз келсе, бірінші кезекті ізденіс керек. Ізденісті Freedom Broker компаниясының әлеуметтік желідегі, сайттағы, YouTube арнасындағы мәліметтермен танысу арқылы бастауға болады. Одан бөлек, Freedom Finance академиясы мен Trading орталығында бастапқы кезеңнен бастап, ірі инвесторларға арналған ақпарат пен курстарға қатысып көріңіз. 1 ай көлемінде алған біліміңіз өзіңізге тұрақты табыс әкеліп қана қоймай, әлемге белгілі ірі компаниялардың бір бөлшегі болуға жол ашады.

Сізге дайындалатын тағы бір портфель тәуекелдер портфелі деп аталады. Яғни сіз артық шығынға ұшырамас үшін құлдырау кезеңі басталғанда акцияларыңызды сатып жіберу керек.

«Алдымен клиенттің қаншалықты пайда көргісі келетініне назар аударамыз. Егер 20% немесе 100% пайда көргісі келсе, баға сонша пайызға өскенде сатылымға түсіреміз. Тәуекелдерді де есептеу керек. Егер сіз тәуекелге барғыңыз келмесе, баға 10% төмендегенде сатылымға жібереміз. Яғни сіз 100 долларға сатып алған облигация 90 долларға төмендесе, автоматты түрде сатамыз. Бұл үшін сізге күнде нарықты ашып, бақылап отыру қажет емес, бәрін арнайы механизм тексеріп отырады. Мысалы, банкке барып депозит ашқан кезде сіз банк істерін толық меңгермейсіз ғой. Бұл жерде дәл сондай барлығын арнайы маман мен жүйеге сеніп тапсырасыз», - дейді маман.

Тіркеуден өткеннен кейін сізге жеке брокер-кеңесші бекітіледі. Ол сізге ыңғайлап, портфель жинап береді, қауіп-қатерді талдайды.

«Клиентпен ашық сөйлесіп, қанша ақшасы бар, қандай тәуекелге баруға дайын екендігін толық білуіміз қажет. Классикалық портфель болған кезде 50 пайызды облигацияға саламыз. Яғни мемлекет немесе кез келген корпорация өзі гарант болып, құнды қағаздар шығарады. Қазір Қазақстан нарығына біз арқылы да осындай компаниялар шығып жатыр. Облигацияларында 10 жарым пайыз кіріс бар. Банкпен салыстыратын болсаңыз, депозиттер 1-ақ пайыз ғана. 50% осыған кетсе, қалған 20%-на екінші рет нарықта жүрген, яғни сатылымға бұрын түсіп қойған компаниялардың акциясын алуға болады», - дейді кеңесші.

«Мобильді қосымшаны көшіріп, идентификациядан өткеннен кейін бес минут ішінде шот ашылады. Банктен шот ашқаннан кейін D-шот яғни депозит жинақ шоты ашылады. Ол жерде күн сайынғы капитализациямен пайда көрсетіп отырамыз. Сол депозит шотына сіз инвестициялық карта аша аласыз. Ол картамен ақша алу, салу мүмкіндігіне ие боласыз. Шотқа бастапқы ақша салғаннан кейін өзіңізге бекітілген брокермен хабарласып, әрі қарай кеңес аласыз», - дейді маман.

Бұрындары инвестор болу үшін брокерлік кеңсеге келіп, келісімшартқа қол қойып, жеке кеңесшіңізбен танысу керек еді. Ал қазір бұл жүйенің барлығы автоматтандырылған.

02
03
04
05
Stan.kz Ақпарат Агенттігі
Барлық құқықтары қорғалған