ExpertBook B5 OLED
ExpertBook B5 OLED
ASUS
«Экологияға деген жанашырлық тоғыстырды»:
Қазақстандық кәсіпкер неліктен ASUS ұсынған ExpertBook ноутбугін таңдайтынын түсіндірді AltynArna – жоғары сұрыпты материалдардан геосинтетикалық өнім өндірумен шұғылданатын бірегей компания. Қазақстан аумағында 12 жылға жуық жұмыс істеп келе зауытта полиэтилен пакеттер мен қаптар, геомембраналар жасалады. Компания директоры Ренат Минхаиров кәсіпорынның жұмысы толығымен автоматтандырылғанын айтады. Сондай-ақ өнімдері еліміздің барлық облысында сұранысқа ие. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген ол кәсібінің қыр-сырымен бөлісті.
«Біздің тауарлар еліміздің барлық облысына тарағанымен, біз туралы барлығы біледі деп айту қателік болар. Сондықтан тауарды таныстыру үшін қолдан келгенді жасаймын. Ай сайын жаңа кездесу, жаңа таныстық, жаңа серіктес. Жұмысымды жеңілдету үшін ноутбукті жиі қолданамын. Осы тұста таңдауым ASUS ExpertBook B5 OLED-ке түсті. ExpertBook кәсіпкерлерге арнап дайындалған құрылғы дер едім. Жаңа Intel процессорының арқасында жылдам жұмыс істеп, кез келген мәселені шешуде көмектеседі. Оның үстіне ASUS компаниясы да ESG (environmental, social, governance) бағытында жұмыс істеп, экологиялық мәселеге бей-жай қарамайды екен. Сондықтан экологияға деген жанашырлық AltynArna мен ASUS компанияларын тоғыстырды», – деп қосты кәсіпкер.

A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
Ренат Минхаиров – геосинтетикалық материалдар өндірумен шұғылданатын «AltynArna» зауытының директоры. Шағын кәсіпорыннан басталған зауыттың жұмысы бүгінде толығымен автоматтандырылған. Мұнда 160-тан астам адам қызмет етіп, экологиялық талаптарға сай өнім дайындайды.

«AltynArna» өз жұмысын 2011 жылы бастаған болатын. Міне, осылайша, компания 12 жыл бойы экологияны жақсарту бағытында қызмет етіп келеді. Бұлай дейтін себебім, компаниямыз пластик өнімдерін қайта өңдеп, шикізат және дайын өнімдер шығарады. Қазақстан бойынша жылына 8 мың тонна, ал ай сайын 20 вагон өнім дайындайды. Өнімдердің барлығы экологиялық стандартқа сай. Материалдарды өртемейміз немесе топыраққа көмбейміз. Керісінше, өзгелер қажетсіз деп таныған заттарға екінші өмір сыйлап, жартылай фабрикатқа айналдырамыз. Кейін техникалық қажеттіліктер үшін өнеркәсіпте пайдалануға арналған өнім жасаймыз. Айтып өткенімдей, кәсіпорынның негізгі мақсаты – экологияға келетін зиянды азайту. Қарапайым пакеттердің жойылуына 4-5 ғасыр қажет болса, ал біздің пакеттер биологиялық түрде шіритін және экологиялық түрде таза болуға бағытталады», – дейді кәсіп иесі.
Зауыт өнімдерін құрылыс, тау-кен саласындағы ірілі-ұсақты компаниялар алады екен. Сондай-ақ арнайы тапсырыс негізінде штрих-коды бар пакет өндірісін де жолға қойған. Ренат Минхаиров компанияның тауарлары барлық облысқа тарағанымен, брендтің танымалдылығын арттыру үшін әлі де жұмыс жүргізетінін жеткізді.
Ренат Минхаиров
Ренат Минхаиров
Кәсіпкерлік салқынқандылық пен тұрақтылықты, жылдам шешім қабылдай алу мен көрегендікті қажет етеді. Бұл талап тек адамдарға ғана емес, зауыттағы техникаларға, қолымыздағы гаджеттерге де қатысты, дейді Ренат Минхаиров.

«Себебі мұның барлығы кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ал бірнеше бағдарламамен жұмыс істегенде ExpertBook B5-те ешқандай кідіріс байқамадым. Оның үстіне ASUS лептоптары заманауи салқындату жүйесімен қамтылғаны туралы хабардармын. Бұл да ExpertBook -тің артықшылығы», – деп түсіндірді компания директоры.

Ренат Минхаиров іссапар кезінде көлікпен де, ұшақпен де қатынауға тура келетінін айтты. Сондықтан ноутбук таңдау кезінде қуатынан бөлек, оның салмағына да назар аударған.

«ASUS ExpertBook B5 корпусы магний-алюминий қоспасынан дайындалған, өте жеңіл, алып жүруге оңай, көп орын алмайды. Қалыңдығы небәрі 18 мм, салмағы 1,5 келіге де жетпейді. Қажет жағдайда сөмкеден шығарып, көлікте немесе ұшақта жұмыс істей аламын. Клиенттерім мен серіктестер жайлы барлық деректер, мәліметтер мен қажетті құжаттар осы ноутбукте сақталады. Ал ASUS Business Manager V3.0 жүйесі маңызды мәліметтерді қорғап, веб-сайттар мен деректердің қолжетімділігін бақылауда көмектеседі», – дейді ол.

Сөз барысында кәсіпкер бизнестегі қиындықтар туралы да айтып, басынан өткен келеңсіз оқиғамен бөлісті.

«Бірде Астана қаласында келіссөз жүргізуге аттандым. Аман-есен жеткен соң жиынға дайындалып, ноутбукке қажетті құжаттардың және жобаның үлгісін жүктеп алдым. Алайда келіссөз басталған сәтте ноутбугім қосылмай қалды. Кейін ноутбуктің ішіне жиналған шаңның кесірінен істемей қалғанын білдім. Салдарынан келіссөз ойдағыдай өтпей, жобамды дұрыс таныстыра алмадым. Екінші тараппен келісімге келе алмадық. Оның үстіне ноутбукте сақталған өзге құжаттарды жоғалттым. Осы сәттен бастап жұмысқа арнап тек сапалы гаджет аламын деген шешімге келдім. Айтып өткенімдей, ASUS ExpertВook B5 OLED барлық талаптарға сай. Сондықтан жұмыс орнында ғана емес, іс-сапар кезіндегі сенімді көмекшіме айналды», – деп қосты Ринат Минхаиров.

«Біздің тауарлар еліміздің барлық облысына тарағанымен, біз туралы барлығы біледі деп айту қателік болар. Сондықтан тауарды таныстыру үшін қолдан келгенді жасаймын. Ай сайын жаңа кездесу, жаңа таныстық, жаңа серіктес. Жұмысымды жеңілдету үшін ноутбукті жиі қолданамын. Осы тұста таңдауым ASUS ExpertBook B5 OLED-ке түсті. ExpertBook кәсіпкерлерге арнап дайындалған құрылғы дер едім. Жаңа Intel процессорының арқасында жылдам жұмыс істеп, кез келген мәселені шешуде көмектеседі. Оның үстіне ASUS компаниясы да ESG (environmental, social, governance) бағытында жұмыс істеп, экологиялық мәселеге бей-жай қарамайды екен. Сондықтан экологияға деген жанашырлық AltynArna мен ASUS компанияларын тоғыстырды», – деп қосты кәсіпкер.

A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
ASUS экология, әлеуметтік жауапкершілік пен компанияны басқару саласындағы талаптарды ұстана отырып (ESG) алдағы уақытта көміртек шығындысы жоқ компанияға айналуды көздейді. Бүгінгі таңда компания ноутбук жасау процесінде өңделген пластик пен металлды қолданса, ал өңделген қағаздан гаджеттің қорабын әзірлейді.

Ренат Минхаиров
«Қазіргі уақытта компания жанында оқу орталығы жұмыс істейді. Кәсіби біліктілігі жоқ азаматтар мұнда оқудан өтіп, сертификат алады. Сәйкесінше кәсіби маман атанған соң оларды зауытқа жұмысқа аламыз. Біздің басты құндылығымыз – қызметкерлерге қамқорлық жасау, жұмысы мен өмірін жақсарту. Өндіріс орнында ыңғайлы киімдермен жабдықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдаймыз. Ал ASUS гаджеттерін дайындау барысында қайта өңделген тауарларды пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда, ESG («Environmental, Social, and Governance») бағытын ұстанатын ASUS компаниясымен құндылықтарымыз ортақ», – дейді кәсіпкер.

Ренат Минхаиров коронавирус пандемиясынан кейін зауыт қызметі мен басқару жүйесіне өзгерістер енгенін айтады. Мәселен, бұрын ондаған адамды бір кабинетке жинап жиналыс өткізсе, қазір мұндай жиындар онлайн форматына ауыстырылған.

Осы мақсат жолында істелген жұмыстардың үлгісі ретінде ASUS ExpertBook B9-ды атауға болады. Бұл гаджет ASUS-тың көміртек шығындысы жоқ алғашқы ноутбугі болды. Корпусын жасау кезінде қолданылған литий-магний қоспасы беріктігімен ерекшеленсе, ал өндіріс барысындағы қалдықтар 29%-ға азайды. Сонымен қатар ASUS тұрақты дамудағы өз рөлін ескере отырып, кәсіптегі әріптестермен бірге әрекет етеді. Осылайша, серіктестермен экологиялық, әлеуметтік және қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруға ұмтылады.

«2020 жылы ғаламдық пандемия басталып, адамдардың өмірінде үлкен өзгерістер орын алды. Мұндай өзгерістер бизнес пен іскерлік әлемді де айналып өтпеді. Мәселен, қазір кездесулер мен жиналыстардың жартысы онлайн режимінде өтеді десем асыра сілтегенім емес. Ал онлайн жиындарға қатысу барысында тағы да сенімді көмекшім – ASUS ExpertBook B5 OLED-ті қолданамын. Осы тұста қоса кетері, ноутбук жасанды интеллекетпен жабдықталған. Яғни ASUS AI Noise-Canceling жүйесі өзге дыбыстарды бәсеңдетіп, дауысымның экранның арғы бетіндегі адамдарға анық естілуін қамтамасыз етеді. Ал алыс қашықтықтан жұмыс істейтін қос микрофон дыбыс сапасын одан әрі жақсартады. Бұл жұмыс уақытының жартысы шулы кәсіпорында өтетін мен секілді бизнесмендер үшін өте пайдалы», – деп сөзін толықтырды ол.

Сонымен қатар ерекше технологиямен дайындалған экраны жарықты шағылыстырмайды. Ноутбукпен ұзақ уақыт жұмыс істегенде көзді ауыртпайды. 4К рұқсаттамасы бар экранның сапасы жоғары.

«ASUS ExpertBook B5 OLED экраны 180 градусқа дейін ашылады. Тіпті ноутбукті екіге бүктеп, планшет ретінде қолдана аласың. Егер пернетақтамен мәтін теру ыңғайсыз болса, TouchPad көмекке келеді. Бұған дейін ноутбугімнің артықшылықтары туралы сөз еттім. Дегенмен оның артықшылықтары мұнымен бітпейді. Кейде жұмыс арасында телефон мен ноутбукты қуат көзіне қосуды ұмытып кетесің, бірақ ASUS ExpertBook B5 ноутбугін алғалы бұл мәселеге алаңдамайтын болдым. Қуатты батареямен қамтылған ExpertBook В5-тің толық қуаты 11 сағат үздіксіз жұмыс істеуге жетеді. Бұдан бөлек лептопта microSD картасының порты, екі USB-қосылымы, HDMI-порт, екі Type C қосылымы бар. Қажет жағдайда ноутбукті қуат көзі ретінде қолданып, телефонымды қуаттаймын», – деді Ренат Минхаиров.

Қазіргі уақытта ASUS бизнес-клиенттері үшін сатылымнан кейінгі, кепілдік бойынша және қосымша қызметтерді ұсынады. Мұндай кешенді шаралар клиент жұмысының тиімділігін арттырып, қажеттілігін қанағаттандыруда толығымен қамтамасыз етеді. Ал кәсіпкерлер өзіне қажетті қосымшаларды қосып, ноутбукке тапсырыс бере алады.

Бұдан бөлек техникалық қолдауға да көңіл бөлінген. Кәсіпкерлер кез келген жағдайда кәсіби мамандар тобына хабарласа алады. Клиенттің сұранысы қысқа уақытта қаралып, үздіксіз қызметті қамтамасыз етеді. Осылайша, бұл бағдарлама кәсіп иелері үшін өз бизнесін тиімді жүргізудің мүмкіндігіне айналды.

GALLERY
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
A SHORT, SIMPLE EXPLANATION OF THE PHOTO
STEP BY STEP
NAME OF THE SHOWREEL
ASUS