«Біздің тауарлар еліміздің барлық облысына тарағанымен, біз туралы барлығы біледі деп айту қателік болар. Сондықтан тауарды таныстыру үшін қолдан келгенді жасаймын. Ай сайын жаңа кездесу, жаңа таныстық, жаңа серіктес. Жұмысымды жеңілдету үшін ноутбукті жиі қолданамын. Осы тұста таңдауым ASUS ExpertBook B5 OLED-ке түсті. ExpertBook кәсіпкерлерге арнап дайындалған құрылғы дер едім. Жаңа Intel процессорының арқасында жылдам жұмыс істеп, кез келген мәселені шешуде көмектеседі. Оның үстіне ASUS компаниясы да ESG (environmental, social, governance) бағытында жұмыс істеп, экологиялық мәселеге бей-жай қарамайды екен. Сондықтан экологияға деген жанашырлық AltynArna мен ASUS компанияларын тоғыстырды», – деп қосты кәсіпкер.
өз жұмысын 2011 жылы бастаған болатын. Міне, осылайша, компания 12 жыл бойы экологияны жақсарту бағытында қызмет етіп келеді. Бұлай дейтін себебім, компаниямыз пластик өнімдерін қайта өңдеп, шикізат және дайын өнімдер шығарады. Қазақстан бойынша жылына 8 мың тонна, ал ай сайын 20 вагон өнім дайындайды. Өнімдердің барлығы экологиялық стандартқа сай. Материалдарды өртемейміз немесе топыраққа көмбейміз. Керісінше, өзгелер қажетсіз деп таныған заттарға екінші өмір сыйлап, жартылай фабрикатқа айналдырамыз. Кейін техникалық қажеттіліктер үшін өнеркәсіпте пайдалануға арналған өнім жасаймыз. Айтып өткенімдей, кәсіпорынның негізгі мақсаты – экологияға келетін зиянды азайту. Қарапайым пакеттердің жойылуына 4-5 ғасыр қажет болса, ал біздің пакеттер биологиялық түрде шіритін және экологиялық түрде таза болуға бағытталады», – дейді кәсіп иесі.
Зауыт өнімдерін құрылыс, тау-кен саласындағы ірілі-ұсақты компаниялар алады екен. Сондай-ақ арнайы тапсырыс негізінде штрих-коды бар пакет өндірісін де жолға қойған. Ренат Минхаиров компанияның тауарлары барлық облысқа тарағанымен, брендтің танымалдылығын арттыру үшін әлі де жұмыс жүргізетінін жеткізді.