Freedom Holding Corp. бүгінде инвестициялық компания ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қызметтерді ұсынатын ұйымдардан тұратын тұтас сандық экожүйе. Қазіргі уақытта Freedom экожүйесіне әлемнің әртүрлі елдерінен 30-дан астам компания, 6 мыңға жуық қызметкер кіреді.
Мұнда барлық жобалар біртұтас танымал бренд – Freedom-да біріктірілген. Оларға Freedom Broker, Freedom Bank, Freedom Insurance, Freedom Life, Freedom Mobile, Freedom Pay және Freedom Drive кіреді. Сонымен қатар экожүйеге Tiсketon, Aviata, Arbuz секілді өзге де белгілі компаниялар кіреді.
Экожүйенің арқасында холдинг қызметкерлері мен клиенттер барлық өнімдер мен қызметтерге бірден қол жеткізе алады. Мұндағы негізгі мақсат – күнделікті өмірде де, табыс табуда да қажетті барлық қызметтермен қамту. Цифрлық экожүйенің мәні де осы бір компанияның екіншісін толықтырып тұруда. Осындай ауқымды ұйымда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін де қосымша жеңілдіктер мен артықшылықтар қарастырылған. Атап айтқанда, барлық Freedom қызметкерлеріне экожүйеге кіретін компаниялардың қызметтерін пайдалану үшін жеңілдікті жағдайлар қарастырылған.
Freedom Broker қызметкерлерінің 80%-дан астамы жұмысы қор нарығына қатысы болмаса да инвестор атанып үлгерген. Мұндай үдеріске қызметкерлерге жеңілдікпен берілетін Freedom Academy оқу курстары үлкен үлес қосуда. Компания сонымен қатар балаларға да білім алуға жағдай жасайды. Мәселен Freedom Camp-те 10 мен 14 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін онлайн-қаржы курстары қолжетімді. Одан бөлек, Freedom Bank сандық ипотека мен автокөлік несиесі үшін арнайы жеңілдік бағдарламаларын жасады. Freedom Life сақтандыру компаниясы онлайн өмірді және денсаулықты сақтандырса, Freedom Insurance сақтандырудың ерікті түрлеріне жеңілдіктер ұсынады. Қызметкерлер смартфон сатып алуға Freedom Mobile жеңілдіктеріне ие, ал Freedom Drive цифрлық автоқызметтерге жеңілдіктер ұсынады.
Осы тұста Freedom Holding Corp-та жұмысқа орналасу процесі қалай жүретіні туралы толығырақ айтып берейік.