Біз үйеңкі жапырағы туралы айта бастасақ бәріңіздің көзіңізге Канада мемлекеті елестейтіні түсінікті. Сол секілді әр мемлекеттің өзіне тән символы болатыны белгілі. Ендеше суреттерге қарап Қазақстанның символын анықтап көріңіз.
Мәдени байлықтың көрінісі: Қазақстанның рухын не айқындайтынын сауалнамадан өтіп, анықтаңыз! Дауыс беру 4 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында 10 күнге жалғасады. Қазақстанның басты символына дауыс беру үшін төмендегі суреттің бірін таңдап, басыңыз.
1. Киіз үй 2. Бешбармақ 3. Апорт алмасы 4. Алтын адам 5. Медеу
6. Бәйтерек 7. Қазақстан қонақ үйі 8. Байқоңыр 9. Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі 10. Үстірт қорығы
Бұл суреттер кездейсоқ таңдалмағанын өздеріңіз де ұғасыздар. Себебі әрбір көшпелі қазақ – Киіз үйде тұрған. Ал Бешбармақты білмейтін қазақ жоқ. Апорт алмаларының сорты – алманың ең ірі және бағалы сорттарының бірі. Алтын адам – Есік қаласынан табылған өткен тарихтың теңдесіз мұрасы. Медеу – Алматы қаласындағы әлемге танымал мұз айдыны. Бәйтерек – Елордада алғаш болып тұрғызылған нысанның бірі. Қазақстан қонақ үйі – Алматы мегаполисінің тарихи нысандарының бірі. Байқоңыр – жер мен кеңістікті алғаш байланыстырған еліміздегі ғарыш аймағы. Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі – ХХ ғасырда бой көтерген қазақ жеріндегі ең көне нысан. Үстірт қорығы – Қазақстанның батысында орналасқан алып шөлді алқап. Шарын каньоны – ұзындығы 154 км созылатын әлемдегі ең үлкен екінші каньон. Бурабай – Қазақстандағы табиғаты көз жауын алатын мекен. Шапан – қазақтың ұлттық киімі. Жайлау – қазақтардың жаз келсе қоныс аударатын аймағы. Дала қыраны – Қазақстанның туында бейнеленген қыран құс еркіндіктің белгісі саналады.